Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Магниттік дауылдар: жақсы көңіл-күй мен денсаулықты қалай сақтауға болады

Ауа райының күрт өзгеруі, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулық жағдайына әсер етуі мүмкін. Бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, ұйқышылдық, қан қысымының ауытқуы, ұйқының бұзылуы, мазасыздық және буындардың ауыруы байқалуы мүмкін. Ағзаға қалай қолдау көрсетуге болады? -Ұйқы және демалыс тәртібін сақтаңыз. -Жеткілікті мөлшерде су ішіңіз. -Уақытылы және теңгерімді тамақтаныңыз. -Алкогольді және кофеинді шамадан тыс тұтынуды шектеңіз. -Күйзелістен және шамадан тыс физикалық жүктемелерден аулақ болыңыз. -Қалыпты физикалық белсенділікті сақтаңыз. -Дәрігер ұсынған жағдайда қан қысымы мен тамыр соғуын бақылаңыз. -Тағайындалған дәрі-дәрмектерді қатаң белгіленген тәртіппен қабылдаңыз. «Метеосезімталдыққа қарсы» дәрі-дәрмектерді, биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) немесе тыныштандыратын дәрілерді өз бетінше қабылдамаңыз. Кеуде тұсында қатты ауырсыну, ентігу, сөйлеу немесе көру қабілетінің бұзылуы, аяқ-қолдардың ұюы, есінен тану немесе жағдайдың күрт нашарлауы байқалса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Маңызды: денсаулық жағдайының нашарлауы әрдайым ауа райының немесе магниттік дауылдардың әсерінен бола бермейді. Симптомдар қайталанған жағдайда дәрігерге қаралу ұсынылады.     Сіздің жұмыс берушіңіз МӘСҚ –на аударым төлейтінін қалай білуге болады

poster

Ультраөңделген өнімдер: біздің рационымыз туралы нені білу маңызды

Қазіргі өмір ырғағы бізді тез әрі ыңғайлы нәрселерді таңдауға жиі мәжбүр етеді: тәтті сусындар, чипсы, дайын тағамдар, шұжықтар, тәттілер және түрлі тұздықтар. Алайда ыңғайлылық пен қанық дәмнің артында көп мөлшердегі тұз, қант, қаныққан майлар және басқа да қоспалар жасырынуы мүмкін. Ультраөңделген өнімдер (УӨӨ) - негізінен тазартылған және өңделген компоненттерден дайындалған, сондай-ақ үй жағдайында тағам дайындау кезінде әдетте қолданылмайтын ингредиенттер мен қоспалар пайдаланылатын өнімдер. Мұндай өнімдерді көп мөлшерде үнемі тұтыну артық салмақ пен семіздік, қант диабеті, жүрек-қантамыр аурулары және кейбір басқа да созылмалы жағдайлардың даму қаупінің жоғарылауымен байланыстырылады. УӨӨ-ге көбіне қандай өнімдер жатады? -газдалған сусындар және энергетикалық сусындар; -чипсы, кептірілген нан және басқа да тіскебасарлар; -тәттілер, печенье және шоколад батончиктері; -тәтті тоқаштар, круассандар және өнеркәсіптік өндірістегі нан; -тез дайындалатын кеспе және пакеттелген сорпалар; -дайын тұздықтар, майонездер және дәмдеуіш қоспалар; -шұжықтар, сосискалар және өңделген еттен жасалған басқа да өнімдер. Оларды немен алмастыруға болады? Өзінің табиғи түріне барынша жақын өнімдерді таңдаңыз: көкөністер мен жемістер, бұршақ тұқымдастар, тұтас дәнді өнімдер, жаңғақтар мен дәндер, балық, майы аз ет және артық қоспалары жоқ табиғи сүт-қышқылды өнімдер. Тәтті сусындардың орнына - су, шай немесе қантсыз кофе. Тәттілер мен тіскебасарлардың орнына - жаңа піскен жемістер, жаңғақтар немесе дәндер. Ал тұтас өнімдерден дайындалған үй тағамы рационның құрамы мен сапасын жақсырақ бақылауға көмектеседі. Дұрыс тамақтану - қатаң тыйымдар емес, күн сайынғы саналы таңдау. Рационның негізін тұтас және минималды өңделген өнімдер неғұрлым жиі құраса, теңгерімді тамақтануды сақтау және ұзақ мерзімді перспективада денсаулыққа қамқорлық жасау соғұрлым оңай болады.   Қызметкерлер үшін М Ә МС-ға аударымдар мен жарналар

poster

Дені сау тістер - әдемі күлкі және мықты денсаулық

Күлкінің артында ауырсыну жасырынуы мүмкін. Балаңыздың күлкісі қандай? Дені сау тістер - баланың жалпы денсаулығының маңызды бөлігі. Ауыз қуысына ерте жастан күтім жасау стоматологиялық аурулардың дамуын алдын алуға және ұзақ жылдар бойы әдемі әрі сау күлкіні сақтауға көмектеседі. Дұрыс әдеттерді қалыптастыру отбасынан басталады. Ата-аналар балаларға тістерді күтудің қажеттілігін айтып қана қоймай, өздерінің іс-әрекеттерімен жақсы үлгі көрсетуі маңызды. Баланың тістерінің денсаулығын сақтауға не көмектеседі? Тістерді күніне екі рет тазалаңыз. Тістерді күнделікті тазалауды міндетті отбасылық әдетке айналдырыңыз және балаға дұрыс әдет қалыптастыруға көмектесіңіз. Күтім құралдарын дұрыс таңдаңыз. Баланың жасына сәйкес тіс щеткасы мен тіс пастасын қолданыңыз. Гигиена құралдарын таңдағанда стоматологтың ұсыныстарын ескеріңіз. Тамақтануды қадағалаңыз. Қантты, тәттілерді және құрамында қанты бар сусындарды тұтынуды шектеңіз. Баланың рационында көкөністер, жемістер және басқа да пайдалы өнімдер болуы керек. Сусын ретінде таза суға артықшылық беріңіз. Стоматологқа үнемі барып тұрыңыз. Профилактикалық стоматологиялық тексерулерден жылына кемінде екі рет өту ұсынылады. Тұрақты түрде дәрігерге бару ықтимал мәселелерді ерте кезеңде анықтауға және қажетті емдеуді уақытында бастауға мүмкіндік береді. Есте сақтаңыз Баланың сау күлкісі күнделікті күтімнен, дұрыс тамақтанудан, ата-ананың жақсы үлгісінен және тұрақты профилактикалық тексерулерден басталады. Балаңыздың тістерінің денсаулығына бүгін қамқорлық жасаңыз - оған ертең ауырсынусыз күлу мүмкіндігін сыйлаңыз!   Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары

poster

Тамақтан улану

Тамақтан улану - сапасыз, бұзылған немесе улы өнімдер мен сусындарды тұтынудан туындайтын ас қорытудың жедел бұзылуы. Негізгі белгілері Тамақтан уланудың ең көп таралған белгілері: -іш өту; -дене қызуының көтерілуі; -іштің ауыруы; -бас айналу; -жүрек айну; -құсу. Айқын белгілер пайда болғанда, жағдай нашарлағанда немесе сусыздану белгілері байқалғанда медициналық көмекке жүгіну қажет. Тамақтан уланған кезде не істеу керек? Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде: -тыныштықты қамтамасыз ету; -сұйықтықты аз мөлшермен, бірақ жеткілікті көлемде ішу; -жағдайды бағалау және қажетті ұсыныстар алу үшін дәрігерге жүгіну; -асқазанды шаюды тек медицина маманының ұсынысы бойынша жүргізу. Өз бетінше емделмеңіз , әсіресе қатты құсу, дене қызуының жоғарылауы, іштің қатты ауыруы, нәжісте қанның болуы немесе сусыздану белгілері байқалған жағдайда. Тамақтан уланудың алдын алу Тамақтан улану қаупін азайту үшін: -қолыңызды үнемі жуыңыз; -шикі өнімдерді дайын тағамдардан бөлек ұстаңыз; - өнімдерді мұқият қуырыңыз және қайнатып пісіріңіз; -асүйдегі тазалықты сақтаңыз; -өнімдердің жарамдылық мерзімін тексеріңіз; -өнімдерді сақтау шарттарын сақтаңыз; -қауіпсіз ауыз суды пайдаланыңыз. Есте сақтаңыз: гигиена ережелерін сақтау және тағам өнімдерін қауіпсіз пайдалану денсаулықты сақтауға және тамақтан уланудың алдын алуға көмектеседі. Өзіңізді күтіңіз және деніңіз сау болсын!   МӘМС -ТІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

poster

Көзге жасалатын операциялар: МӘМС нені қамтиды

Егер сізде көру қабілетіне байланысты мәселелер туындаса, алдымен емханадағы учаскелік дәрігерге жүгініңіз. Ол сіздің жағдайыңызды бағалап, медициналық көрсетілімдер болған жағдайда офтальмологқа жолдама береді. Алғашқы кезеңде қажетті тексерулер жүргізіледі: оптикалық когеренттік томография, биомикроскопия, циклоскопия және басқа да диагностикалық зерттеулер. Осыдан кейін пациент офтальмологтың консультациясынан өтеді. Тексеру нәтижелері бойынша дәрігер одан әрі емдеу тактикасын және операция жасау қажеттілігін анықтайды. Емдеу мынадай форматтарда жүргізілуі мүмкін: амбулаториялық түрде – ауруханаға жатқызусыз; күндізгі стационар жағдайында – соның ішінде көз бұршағын ауыстыру операциялары; тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда – мысалы, глаукома және көздің басқа да аурулары кезінде лазерлік араласулар. МӘМС қандай көз операцияларын қамтиды? МӘМС аясында медициналық көрсетілімдер болған жағдайда: ✔ көру мүшесінің жарақаттары кезінде жасалатын операциялар; ✔ глаукома кезінде жасалатын операциялар; ✔ катаракта кезінде жасалатын операциялар, оның ішінде көз бұршағын ауыстыру; ✔ көздегі жаңа түзілімдерді алып тастау; ✔ медициналық көрсетілімдер бойынша басқа да офтальмологиялық операциялар жүргізіледі. МӘМС бойынша медициналық көмек алу үшін өз емханаңызға жүгініп, дәрігердің тағайындауы бойынша тексеруден өту маңызды.   ЕАЭО - дан (Армения, Ресей, Беларусь, Қырғызстан) , шетелдіктерге, еңбек мигранттары на арналған медициналық   көмектің көле мімен пайдалана алады.

poster

Өкпе обыры: ерте анықтау өмірді сақтайды

Өкпе обыры - уақтылы диагностикалау шешуші маңызға ие болатын күрделі ауру. Қауіп факторлары: темекі шегу және пассивті темекі шегу, зиянды өндірістік факторлар, ауаның ластануы, өкпенің созылмалы аурулары, тұқым қуалаушылық, 50 жастан асқан жас. Дәрігерге қаралыңыз , егер жөтел 3 аптадан астам уақыт сақталса, қақырықта қан пайда болса, ентігу, кеуде қуысының ауыруы, дауыстың қарлығуы, себепсіз салмақ жоғалту, әлсіздік немесе тез шаршау байқалса. Диагностика үшін рентгенография, өкпенің КТ-сы, жоғары қауіп тобындағы адамдарға төмен дозалы КТ, бронхоскопия және биопсия қолданылады. Дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыз. Ауруды ерте анықтау емдеуді уақтылы бастауға және денсаулықты сақтауға көмектеседі.   Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі

poster

Алкогольдің зияны

Алкогольді тұтынудың қауіпсіз түрі жоқ. Алкоголь құрамында тәуелділікті тудыруы мүмкін психоактивті және уытты зат - этанол бар. Алкогольді тұрақты тұтыну бауыр циррозының, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары мен инсульттің, психикалық бұзылыстардың, туберкулездің, онкологиялық аурулардың даму қаупін арттырады, сондай-ақ суицидке және жарақаттарға әкелуі мүмкін. Алкоголь сондай-ақ жарақатқа әкелетін оқиғалардың: зорлық-зомбылықтың, отбасылық жанжалдардың, құлаудың, суға кетудің, күйіктердің және басқа да жазатайым жағдайлардың қаупін арттырады. Мынаны есте сақтау маңызды: алкоголизм біртіндеп дамиды - алкогольді кездейсоқ тұтынудан бастап, ол денсаулық пен тұлғаның бұзылуына әкелетін созылмалы шамадан тыс тұтынуға айналуы мүмкін. Алкогольден бас тарту - денсаулық пен әл-ауқатты сақтауға жасалған маңызды қадам. Белсенді өмір салтын таңдаңыз, спортпен айналысыңыз, пайдалы қызығушылықтар табыңыз, салауатты өмір салтын қолдайтын адамдармен қарым-қатынас жасаңыз және жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз. Денсаулығыңызды сақтаңыз - алкогольсіз өмірді таңдаңыз! Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады

poster

Өкпе обырының алдын алу – денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы

12 тамызда дәрігер-онколог Амангалиева А.А. пациенттерге арналған «Өкпе обырының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында дәрігер өкпенің онкологиялық ауруларының даму қауіп факторлары, темекі шегуден бас тартудың, салауатты өмір салтын ұстанудың және профилактикалық медициналық тексерулерден уақтылы өтудің маңыздылығы туралы айтып берді. Ерте анықтау мәселелеріне және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Пациенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан білікті ұсыныстар алды. Іс-шара соңында пациенттерге мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу және салауатты өмір салты бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Бұл материалдар алған білімдерін бекітуге және алдын алудың маңызды шараларына назар аударуға көмектеседі. Денсаулыққа қамқорлық жасаудың бастауы – алдын алу! Дәрігерге уақтылы қаралу және өз ағзасына мұқият қарау денсаулықты сақтауға және өмір сапасын арттыруға көмектеседі.   Сақтандырылған азаматтар МӘМС бойынша ЭКО- ға сене ала ма