Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Қазақстанда емханаларда пациенттерді қабылдау қағидалары өзгертілді

3 тамыздан бастап Қазақстанда бейінді мамандар терапевтке жүгінбей-ақ пациенттерді қосымша тексерулер мен басқа дәрігерлердің консультацияларына жолдай алады. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидалары күшіне енеді. Бұл еліміздегі пациенттерге көрсетілетін көмектің тәсілін едәуір өзгертіп, қазақстандықтардың әртүрлі кезеңдерден өтуіне кететін уақытын қысқартады. Бұған дейін қандай да бір тексеруге жолдама алу үшін азаматтар қайтадан терапевттің қабылдауына жазылуға мәжбүр болатын. Мұндай жолдамаларды беру құқығы тек терапевтке ғана берілген еді. Енді дәрігер қосымша жолдамаларды өз бетінше рәсімдей алады, бірақ үш маманнан артық емес. Сонымен қатар, енді емханалар дәрігерлердің қабылдау кестесін 60 күнтізбелік күн бұрын жариялап, кестеге өзгерістер енгізілген жағдайда оны жаңартып отыруға міндетті. Бұрын қабылдауға жазылу тек 7–10 күнге ғана қолжетімді болатын. Сондай-ақ пациенттің жағдайын бағалау үшін жаңа мәртебелер жүйесі енгізілді: «дені сау», «сауықты», «жақсарды», «өзгеріссіз», «нашарлады», «қайтыс болды», сондай-ақ «ауруы жалғасуда». Соңғы мәртебе дәрігерге пациентті терапевтке қайта жібермей-ақ, қайталама қабылдауды өз бетінше тағайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тағайындауларға қойылатын талаптар күшейтілді: зерттеулер мен консультациялар енді әрбір ауру бойынша бекітілген клиникалық хаттамалар аясында ғана тағайындалады. Сондай-ақ қабылдау мен рәсімдердің уақыт нормативтері бекітілді. Мәселен, дәрігер-мамандардың көпшілігінің консультациясы кемінде 20 минутқа, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) кемінде 20 минутқа созылуы тиіс, ал алғашқы қабылдау кезінде уақыт қажет болған жағдайда 30 минутқа дейін ұлғайтылуы мүмкін. Өзгерістер медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, күту уақытын қысқартуға және медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.   МӘМС -ТІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

poster

Дүниежүзілік емшекпен қоректендіру апталығына арналған Ашық есік күні

6 тамыз күні балалар емханасында Дүниежүзілік емшекпен қоректендіру апталығына арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында медицина қызметкерлері болашақ және жас аналармен емшекпен қоректендірудің маңыздылығы, оның ана мен баланың денсаулығына пайдасы туралы әңгімелесіп, емшекпен сәтті қоректендіруді ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Келушілер үшін емшекпен қоректендіруді сақтауға, бала емізетін ананың дұрыс тамақтануына және жаңа туған нәрестеге күтім жасауға қатысты пайдалы кеңестер қамтылған ақпараттық жадынамалар мен буклеттер дайындалып, таратылды. Осындай іс-шаралар ата-аналардың балалардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға, емшекпен қоректендіру мәдениетін қолдауға және баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап оның денсаулығына жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. ЕАЭО - дан (Армения, Ресей, Беларусь, Қырғызстан) , шетелдіктерге, еңбек мигранттары на арналған медициналық   көмектің көле мімен пайдалана алады.

poster

Артериялық гипертензия: анықтау және бақылау маңызды

Артериялық гипертензия - ең кең таралған созылмалы аурулардың бірі. Бүгінде Қазақстанда шамамен 1,5 миллион адам жоғары артериялық қысыммен өмір сүреді. Гипертензияның басты қауіптілігі - ауру ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз өтуі мүмкін, бірақ біртіндеп жүрекке, қан тамырларына, миға және бүйрекке зақым келтіреді. Уақтылы ем қабылдамаған жағдайда инсульт, миокард инфарктісі және басқа да жүрек-қан тамырлары асқынуларының даму қаупі артады. Қазақстанда жыл сайын осындай 50 мыңнан астам асқыну жағдайы тіркеледі. Нені білу маңызды? Артериялық гипертензияны тиімді бақылау - бұл дәрігерге бір рет қаралу ғана емес, тұрақты медициналық бақылауды, жүйелі тексерулерден өтуді және дәрігер тағайындаған емді сақтауды талап етеді. 2026 жылдан бастап артериялық гипертензияны динамикалық бақылау және емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіне енгізіледі. МӘМС аясында пациенттерге келесі медициналық қызметтер қолжетімді болады: -кардиологтың кеңесі; -диагностикалық зерттеулер (тәуліктік артериялық қысымды мониторингтеу - ТАҚМ, холтерлік ЭКГ мониторингі); -зертханалық тексерулер; -дәрілік терапия; -медициналық көрсетілімдер болған жағдайда асқынуларды емдеу. Медициналық көмекті уақытылы алу және күтпеген шығындардың алдын алу үшін МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесінің болуын алдын ала тексеруді ұсынамыз.   Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі

poster

Емшекпен қоректендіруді қолдау апталығы: 2026 жылғы 3–9 тамыз

2026 жылғы 3–9 тамыз аралығында Емшекпен қоректендіруді қолдау апталығы өтеді. 2026 жылғы Дүниежүзілік емшекпен қоректендіру апталығының тақырыбы – «Емшекпен қоректендіруге басымдық беру: тұрақты қолдау жүйелерін құру» . Оның мақсаты – әрбір әйелдің баласын қажетті уақыт бойы емізуіне қолайлы жағдай жасау үшін медицина қызметкерлерінің, отбасының, жұмыс берушілердің және қоғамның күш-жігерін біріктіру. Емшекпен қоректендіру – баланы өмірінің алғашқы күндерінен бастап тамақтандырудың ең табиғи әрі тиімді тәсілі. Ана сүті нәрестенің қажеттіліктеріне толық сәйкес келеді, оның құрамында иммунитетті нығайтып, инфекциялардан қорғайтын және баланың дұрыс өсіп, дамуына ықпал ететін барлық қажетті қоректік заттар мен антиденелер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) мыналарды ұсынады: емшекпен қоректендіруді бала туғаннан кейінгі алғашқы сағатта бастау; өмірінің алғашқы алты айында баланы тек ана сүтімен қоректендіру; қосымша тағам енгізілгеннен кейін де, ана мен баланың қалауы бойынша, емшекпен қоректендіруді екі жасқа дейін және одан да ұзақ жалғастыру. Емшекпен қоректендірудің бала үшін пайдасы: иммундық жүйені нығайтады; инфекциялық аурулардың қаупін төмендетеді; баланың дұрыс өсіп, дамуына ықпал етеді; болашақта семіздік пен созылмалы аурулардың даму қаупін азайтады; ана мен бала арасындағы тығыз эмоциялық байланысты қалыптастырады. Ана үшін емшекпен қоректендіру босанғаннан кейін ағзаның тезірек қалпына келуіне көмектеседі, босанғаннан кейінгі депрессияның, сондай-ақ сүт безі мен аналық без обырының даму қаупін төмендетеді. Мамандар баланы туғаннан кейін бірден емшекке ерте салуды, ана мен нәрестенің бірге болуын, баланы сұранысы бойынша емізуді және медициналық көрсетілімсіз бөтелке мен емізікті қолданбауды ұсынады. Емшекпен қоректендіруді қолдау – баланың, ананың және болашақ ұрпақтың денсаулығына қосылған үлес.   Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады

poster

Бала 18 жасқа толғаннан кейін сақтандырылған мәртебесі сақтала ма?

Сондықтан ата-аналарда: бала кәмелетке толғаннан кейін сақтандырылған мәртебесі сақтала ма деген сұрақ жиі туындайды. Сақтандырылған мәртебесі мынадай жағдайларда сақталады: Егер бала 18 жасқа толғаннан кейін күндізгі оқу нысанында оқуын жалғастырса (мектепте, колледжде немесе жоғары оқу орнында), ол жеңілдік санатына жатады және ол үшін жарналарды мемлекет төлеуді жалғастырады. Егер баланың мүгедектігі болса , онда жасына қарамастан мемлекет ол үшін жарналарды төлейді, өйткені мүгедектігі бар адамдар жеңілдік санатына жатады. Егер 18 жасқа толғаннан кейін адам оқымаса және жұмыс істемесе , ол ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеле алады. Бұл жағдайда ол үшін жарналарды жергілікті атқарушы орган төлейді. Егер кәмелетке толған азамат ресми түрде жұмысқа орналасқан немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса, ол жұмыс берушінің немесе өзінің төлейтін жарналары есебінен сақтандырылған болады. Басқа барлық жағдайларда сақтандырылған мәртебесін сақтап, МӘМС аясында медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін кәмелетке толған азамат жарналарды дербес төлеуі қажет. 2026 жылы дербес төлеушілер үшін ай сайынғы жарна мөлшері – 4 250 теңге.   Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз: - Telegram-дағыSaqtandyryBot ( https://t.me/SaqtandyryBot ); -ӘМСҚ сайты( https://msqory.kz/ru/naseleniyu/uznat-status-kalkulyator-osms/uznat-status-zastrakhovannosti/ ); - Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы; - eGov.kz сайтынемесе eGov mobile мобильді қосымшасы; - сондай-ақкей бірекіншід еңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.   Сақтандырылған азаматтар   МӘМС бойынша ЭКО- ға сене ала ма

poster

Емшекпен емізу – бала денсаулығына жасалатын ең үздік қамқорлық

Емшекпен емізу – баланың дамуының ең маңызды әрі табиғи кезеңдерінің бірі. Ана сүті – нәресте үшін ең мінсіз тағам: ол оның қажеттіліктеріне толық сәйкес келеді, құрамында барлық қажетті қоректік заттар, дәрумендер мен антиденелер бар. Олар баланың иммунитетін нығайтып, жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі. Емшекпен емізудің ана үшін пайдасы: -босанғаннан кейін ағзаның тезірек қалпына келуіне ықпал етеді; -босанғаннан кейінгі депрессияның даму қаупін төмендетеді; -сүт безі мен аналық без обырының пайда болу қаупін азайтады; -остеопороздың, жүрек-қан тамырлары ауруларының және қант диабетінің даму қаупін төмендетеді. Емшекпен емізудің бала үшін пайдасы: -иммундық жүйені нығайтып, жұқпалы аурулардан қорғайды; -асқазан-ішек жолының дұрыс дамуына және ішектің пайдалы микрофлорасының қалыптасуына ықпал етеді; -жедел респираторлық аурулардың даму қаупін төмендетеді; -баланың үйлесімді физикалық, танымдық және сөйлеу қабілетінің дамуына ықпал етеді; -ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДCҰ) ұсынымдарына сәйкес, нәрестені өмірінің алғашқы алты айында тек ана сүтімен қоректендіру ұсынылады. Қосымша тағам енгізілгеннен кейін де, ана мен баланың қалауы бойынша, емшекпен емізуді екі жасқа дейін және одан да ұзақ жалғастырған жөн. Емшекпен емізу – баланың денсаулығының, үйлесімді өсуі мен толыққанды дамуының сенімді негізі. Ана сүті бірегей және оның баламасы жоқ. Емшекпен емізуді қолдау – болашақ ұрпақтың денсаулығына қосылған маңызды үлес.   Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі

poster

Балаларды қорғаңыз: баланың терезеден құлап кетуінің алдын алу жолдары

Балалардың терезеден құлап кетуі тұрмыста ауыр жарақаттардың ең жиі кездесетін себептерінің бірі болып қала береді. Мұндай оқиғалар санаулы секундтар ішінде орын алады, ал үлкендердің бір сәтке ғана қарауынсыз қалуы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Балаңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін негізгі қауіпсіздік ережелерін еске саламыз: -Терезелерді арнайы қорғаныс құралдарынсыз ашық қалдырмаңыз. Желдету үшін микрожелдету режимін пайдаланыңыз немесе терезені тек арнайы шектеуіштер орнатылған жағдайда ғана ашыңыз. -Масаға қарсы торларға сенбеңіз. Олар тек жәндіктерден қорғауға арналған және баланың салмағын көтере алмайды. -Жиһазды терезеден алыс орналастырыңыз. Кереуеттер, орындықтар, комодтар және басқа да жиһаздар бала үшін терезе алдына шығатын «баспалдаққа» айналуы мүмкін. -Қорғаныс құралдарын орнатыңыз: терезе шектеуіштері, бұғаттағыштар, арнайы құлыптар, кілтпен жабылатын тұтқалар, қорғаныс торлары немесе басқа да сертификатталған қауіпсіздік құрылғылары. -Ойын аймағын терезеден алыс ұйымдастырыңыз , сонда бала терезе алдына шығуға ұмтылмайды. -Балалармен үнемі әңгімелесіңіз , ашық терезенің қауіпті екенін түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін үйретіңіз. Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігіне байланысты. Қарапайым сақтық шаралары жазатайым оқиғаның алдын алып, ең қымбат қазына – балаңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі. Балаларыңызды қорғаңыз! Оларды ашық терезенің жанында ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.   Кенеттен қызметкерге аударым жасамайтын жұмыс беруші қандай жауапкершілікке тартылады

poster

30 шілде - Еңбекті қорғаудың бірыңғай күні

30 шілде, Еңбекті қорғаудың бірыңғай күні, «Павлодар қаласының № 5 емханасы» ШЖҚ КМК азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабының бастығы Алимбаев Д. Е.-нің медициналық қызметкерлермен кездесуі өтті. Кездесу барысында еңбекті қорғау талаптарын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде персоналдың іс-қимылын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Қауіпсіздік ережелерін сақтау, қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындығын арттыру және азаматтық қорғаныс пен халықты қорғау саласындағы нормативтік құжаттар талаптарын орындауға ерекше назар аударылды. Медициналық қызметкерлерге білімдерін жетілдіруге, жауапкершілікті арттыруға және жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қажетті түсіндірмелер мен практикалық ұсынымдар берілді.   МӘМС  жарналары қалай және қайда жасалады